ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша археология саласына көп көңіл бөлінуде. Еліміздің жетекші археологтары Зайнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев көне мұраларды тапты.
«Экспедициялар барысында алынған артефактілер облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорын толықтырып, 3 томдық «Шығыс Қазақстанның ежелгі дәуірі», «Қазақстан тарихы» монографияларын жазуға негіз болып отыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай әлемі» жобасы жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, жергілікті авторлардың 9 мың дана кітабы, жас ақындар мен жазушылардың жинақтары басып шығарылды», - делінген ақпаратта.
Былтыр 35 мәдени нысанға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жарма ауданы Әуезов кентінде Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Ұлан ауданының Бестерек ауылында археологиялық музей-кешеннің құрылысы аяқталуда.
Сонымен қатар Катонқарағай ауданы Топқайың ауылындағы, Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылындағы мәдениет үйлерінің, Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылындағы археологиялық кешеннің құрылысы жалғасуда.