ШҚО-да сағатына 30 МВт ток өндіретін күн электр стансасы салынып жатыр
Балама энергия үлесін арттыру мақсатында қолға алынған жобаның құны 17,5 млрд теңге. Қытайдан инвестиция тартып отырған «Жаңғыз solar» компаниясы өндірген энергияны «KEGOK», «ШҚ РЭК» АҚ арқылы ел аумағына таратады. Жоба 2017 жылы қолға алынған, 2019 жылдың шілде айында аяқталуы тиіс.
Жаңғызтөбе кентінде бұдан бөлек 2 жел электр стансасын салу жоспарланып отыр.
«Мұнда бүкіл облысқа электр таратып тұрған торап бар. Инвестордың бәрі сондықтан біздің кентті таңдайды», -дейді кен әкімі Қайырғазы Закимов.
Бұл нысан іске қосылғанда облыста өндірілетін энергияның 2 пайызы балама көзден алынатын бодады деген болжам бар.