«Ұшқыш әуе кемесінің қозғалтқышының істен шыққанын хабарлады. Ұшақ Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі автомобиль жолына мәжбүрлі түрде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Ұшақ та зақымданбаған. Бортта экипаждың 3 адамы және 2 медицина қызметкері болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуедегі оқиғаларды тексеру басқармасының өкілдері оқиға болған жерге аттанды»,-делінген хабарламада.
13:49, 08 Ақпан 2021
ШҚО-да санитарлық ұшақтың қозғалтқышы істен шығып, қайта қонуға мәжбүр болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 8 ақпанда Өскемен-Зайсан бағытында АКЗ1222 санитарлық рейсімен ұшып шыққан Ан-2 ұшағы қайта қонға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.