Глубокое ауданының Кожохов ауылының шетінде басталған өрт 170 гектар аумақты қамтыған. Оны ауыздықтауға төтенше жағдай қызметінің өкілдерінен бөлек 300-ге жуық ерікті жұмылдырылды.
«Өртті ауыздықтауға жеке құрамның 36 маманы тартылды. 300-ге жуық ерікті көмектесті. Жергілікті шаруа қожалықтары техникаларын ұсынды. Жердің тастақты әрі бұта-қарағанды болуы көп кедергі келтірді», - дейді аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы Алексей Оградов.
Қызыл жалынды ауыздықтауға 12 сағат уақыт кеткен. Дегенмен, өрт ұшқыны әлі қылаң беріп, қауіп төндіруде. Қазір өрт шалған аумаққа өрт сөндірушілерден күзет қойылды.