ШҚО-да саяжайдың шатырына жай түсіп, өртеп жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Глубоков ауданында саяжайдың төбесіне жай түсіп, өртеп жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға «Яблонька» саяжай алабындағыКожохов ауылында болды. Көршілері саяжайдың төбесіне жай түскенін көрген.Абырой болғанда, үйдің ішінде ешкім болмаған.

Оқиға орнына алдымен №23 өрт сөндірубөлімшесінің қызметкерлері жетті.

«Мансарда типіндегі үйдің төбесі жанғышматериалдармен қапталғандықтан, жалын жылдам тараған. Біздің міндетіміз өрттіңжан-жаққа тарауына жол бермеу еді. 45 минуттың ішінде өрт сөндірілді, бірақүйдің төбесі толып жанып кеткен еді», - дейді №23 Өрт сөндіру бөлімшесі бастығыныңорынбасары Аслан Ыбыраев.

№23 бөлімшеге көмектесуге Жоғарғы Березовкакентіндегі №37 бөлімшенің қызметкерлері келді.

Қазір келтірілген шығын көлемі анықталыпжатыр.