ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңірдегі карантиндік шектеулер 30 желтоқсанға дейін қайта созылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
«Қоғамдық тамақтану орындары отбасылық, ұжымдық шараларды өткізбей, бір үстелге 4-6 адамнан ғана отырғызып, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтап жұмыс істейді. Мереке және сенбі күндері супермаркеттерге, гипермаркеттерге, сауда үйлеріне толтырылуы 30%-дан аспаған жағдайда, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарды ашпай жұмыс істей алады», - делінген құжатта.
Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда ғимарат ішінде және ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік базарларының жұмысына сағат 07.00-ден 19.00-ге дейінгі аралықта рұқсат етілді.
Сондай-ақ жалпы ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілері тәулік бойы жұмыс істейтін болады.