ШҚО-да шетелдік компания қызметкерлерінің еңбек келісімшарттары тексеріледі

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев бастаған арнайы жұмыс тобы бас мердігер «Синьсин» компаниясы жүргізіп жатқан «Қалбатау-Майқапшағай» жол жөндеу учаскесіндегі жұмысшылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы ДаниалАхметовтің тапсырмасына сәйкес іске кіріскен жұмыс тобының құрамында облыстық прокуратура,облыстық полиция департаменті, облыстық еңбек инспециясы басқармасы, Көлік жәнеавтомобиль жолдары басқармасының басшылары, Тауар және қызмет қауіпсіздігісапасын бақылау департаменті, «ҚазАвтоЖол» АҚ ШҚОФ басшылары бар.

Жұмысшылардың қойғанбасты талабы – жұмыс және тұру шарттарын жақсарту, жалақы мөлшерін көтеру.Кездесу барысында облыс басшылығымен «Синьсин» компаниясының бас директоры арасындаортақ келісім хаттамасына қол қойылды.Оған сәйкес барлық еңбек келісімдері ҚРзаңнамасына сәйкес ретке келтіріліп, жұмысшыларға 3 күн мерзіміндетүсіндірілетін болады.

«Егер жұмысшылартүнгі уақытта, демалыс күндері, белгіленген уақыттан тыс еңбек етсе, жалақымөлшері 1,5 есе көлемінде төленеді. 10 күн ішінде барлық тұрғылықты жерлерде салқындатқыштарорнатылып, ҚР заңнамасына сәйкес ретке келтіріледі. Барлық жұмысшыларға 10 күнмерзімінде арнайы жұмыс киімі берілетін болады.

Жұмысшылардыңтұратын жерлерінде күніне үш рет тамақтандыру ұйымдастырылады. Жұмысшылардың еңтөменгі жалақы мөлшері 80 мыңнан 120 мың теңгеге көтеріледі.

Жалпы жұмысшылардыңжалақысы атқарған жұмыстарына сәйкес 120 мыңнан 360 мың теңгеге дейін болады»,делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше,жағдай қалыпқа келтірілгнен, мекеме кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр. Сағат14.00-ге қарай барлық жұмысшылар өз міндеттерін атқаруға кірісті. Жұмысшылароблыс басшылығына мәселені тездетіп шешіп және көрсетілген көмектері үшінризашылықтарын білдірді.

Бұдан тыс, ШҚОбойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына, «ҚазАвтоЖол» АҚ ШҚОФ-на(келісім бойынша) және өзге жауапты құзырлы органдар алдына ҚазақстанРеспубликасы заңнамасына сәйкес еңбек келісімдеріне тексеру жұмыстарын жүргізуміндеті жүктелді. Сонымен қатар жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарынажұмылдырылған шетелдік компаниялардағы қазақстандық жұмысшыларға жалақы төлеумен еңбек жағдайын жасауды бақылау міндеттеліп отыр.

Хаттаманыңорындалуына ШҚО әкімдігі тарапынан бақылау жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар