ШҚО-да шұңқырға құлаған ер адам үсіп кете жаздады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында шұңқырға құлаған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар шұңқырға құлап кеткен ер адамға көмекке келген.

«Қала тұрғыны Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы шұңқырға құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалған. Хабар түсісімен оқиға орнына шұғыл жеткен мамандандырылған жасақ қызметкерлері зардап шегушіні алып шықты. Қатты тоңып қалған азамат жедел жәрдем мамандарына табысталды», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, ТЖД өкілдері өңір жұртшылығын қандай жағдайда да қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.