ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметіне сүйенсек, шілде айында полицейлер Алтай қаласының тұрғыны тізгіндеп келе жатқан көлікті тоқтатқан. Тәртіп сақшылары көліктен сібір елігінің етін тапты.
Анықталғандай, ер адам Никольск ауылының маңында аңды атып алған. Соның салдарынан мемлекетке 1 293 750 теңге шығын келтірді. Тергеу амалдары аяқталған соң іс сотқа жетіп, қыркүйек айының ортасында үкім шықты.
«Сот шешімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 1-бөлігімен (заңсыз аңшылық) кінәлі деп танылды. Оған екі жыл мерзімге аң аулауға тыйым салынып, 200 АЕК (690 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Мемлекетке келтірілген материалдық залал толықтай өтелді», - делінген ақпаратта.