ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шар қаласында балалар шөп қорада ойнап жүрген. Пішен қораның төбесіне және жанына жиналған. Куәгерлердің айтуынша, сіріңкемен ойнап жүрген 6 жасар бала байқаусызда шөпті өртеп жібереді.
«Өрт сөндірушілер 6 минут ішінде оқиға орнына келіп жетті. Олар бір жарым сағаттан астам уақыттың ішінде тілсіз жауды толықтай ауыздықтап, өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол бермеді. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, ТЖД ата-аналарға балаларға сіріңкемен ойнауға болмайтынын, өрттің адам өміріне аса қауіпті екендігін түсіндіру қажеттігін ескертеді.