ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстанда 20 рет шөп өртенген. Тілсіз жаудың жалпы ауданы - 309 гектарды құрады.
«Бесқарағай, Абай, Үржар, Күршім, Аягөз және Көкпекті аудандарында дала өртенген. Қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндірушілер, орманшылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері және шаруа қожалықтарының жұмысшылары қатысты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бүгінде өңір өрт сөндірушілері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Аймақтағы құрғақ, ыстық ауа райы жағдайды қиындатып тұр. Құтқарушылар күн сайын 10-15 рет тұтанған шөпті сөндіруге шығады.