Бұл жайлы бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов қоғамдық кеңес алдындағы есеп беруінде айтты.
«Облыстың медицина салысын республика бойынша алдыңғы қатарға шығару үшін 3 жылда 22,3 млрд теңге жұмылдырылып, 1086 замануи жабдық сатып алынды. Роботохирургия, политравма, ортопедия, офтальмохирургия, гибридті ота жасау орталықтары ашылды. Нәтижесінде бүгінде сәби өлімі 28%-ға, қан айналымы жүйесінің ауруларынан көз жұмғандар – 7%-ға, туберкулезден қайтыс болғандар – 66%-ға азайған», – дейді ол.
Осы уақыт аралығында өңірде 276 дәрігер шетелдерде 3 ай көлемінде біліктілік арттырды. Алдағы уақытта да ақ халаттылар медицинасы дамыған Англия, Польша, Израиль, Корея сынды мемлекеттерге барып білім алмақ. Алайда оқу мерзімі 3 айдан 1 жылға дейін ұзартылады.
«Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін бірінші кезекте дәрігерлердің біліктілігін арттыру керек. Еуропада медицина саласының студенттері 15 жыл білім алса, бізде оқу мерзімі бұдан екі есе қысқа. Сол үшін дәрігерлерді шетелдерге жіберудің маңызы зор», – дейді Даниал Кенжетайұлы.