ШҚО-да су тасқынынан қираған үйлер мемлекет қаражаты есебінен қалпына келтіріледі - Ө.Шөкеев
«Су тасқыны нәтижесінде бұзылған үйлер мемлекет есебінен қалпына келтіріледі. Бұл үшін Қаржы министрлігі Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігімен біресіп, тиісті есептерін шығаруы, қалпына келтірілетін тұрғын үйлердің шаршыметрінің құнын және бұрынғы үйдің жай-күйіне және отбасы құрамына қарай көлем шамасын анықтауды жүргізуі тиіс», - деді Ө.Шөкеев.
Бұл эконом-кластағы қарапайым үй болуы және оның құны шаршы метріне 65 мың теңгелен аспауы тиіс», деп атап өтті вице-премьер.
«Ал жөндеуге жататын үйлерге келетін болсақ, біз (үкіметтік комиссия) былай шештік: жөндеуді үй иелерінің өздері жүргізеді, бірақ құрылыс материалдарын облыс әкімдігі белгілі бір тізім бойынша ұсынады. Қосалқы шаруашылық құрылыстарын да тұрғындардың өздері жөндейді», - деді Ө.Шөкеев.
Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нөкин облыстың төрт ауданында 1 157 үй суға кеткенін, оның 536-сы қалпына келтіруге жатпайтынын, 621 үй жөнделуі және сейсмикалық жағынан күшейтілуі тиіс екенін хабарлады. Сондай-ақ 22 көпір және су жіберетін құрбырлар, үш гидроқұрылыстар, үш білім беру нысаны және төрт денсаулық сақтау мекемесі бұзылған.