Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ШҚО ТЖД құтқарушылары полицейлермен және еріктілермен бірлесіп су айдындарында профилактиканы жандандырған.
Атап айтқанда, осы кезге дейін 458 рейд жүргізілген. Сондай-ақ 3 адам судағы қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рейдке қатысушылар олардың негізгі міндеті – Қауіпсіз демалыс мәселелеріне назар аудару екенін еске салады.
Бұған дейін Павлодарда каналға шомылуға барған жасөспірім суға батып кеткенін хабарлаған едік.