ШҚО-да суға батқан бала мен балықшыны іздеу жалғасуда
10:21, 20 Сәуір 2013
ӨСКЕМЕН. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Орталық судан құтқару стансасының құтқарушылары Березовка ауылына тақау Глубокое ауданында сәуірдің 2-сі күні Ертіс өзенінде мұз астына батып кеткен 4 жастағы баланың мүрдесін іздеу жұмыстарын жалғастыруда.
Сонымен қатар Күршім аудандық судан құтқару қызметінің мамандары Аманат ауылы маңында сәуірдің 13-і күні қайығының аударылуы салдарынан суға кеткен 38 жастағы балықшының мүрдесін іздеуде.