ШҚО-да суға батқан үш адамның мәйіті табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде сүңгуірлер 20 күн бұрын Ертісте суға кеткен 13 жасар жасөспірімнің мәйітін тапты.

Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, өткен бейсенбі күні Бұқтырма су қоймасының сүңгуірлер бақыламайтын бөлігінде шомылу кезінде 34 жастағы ер адам суға кетті. Бір сағаттан кейін оның мүрдесін куәгерлер алып шықты. Ал бұдан бір сағат бұрын Зырянов ауданы Малеевск  ауылы Бұқтырма өзеніне 59 жастағы ер адам батып кетті. Оның мәйітін куәгерлер алып шықты.