«2019 жылдың 25 тамызында сағат 09.00 кезінде рейд жұмыстарын жүргізу барысында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Шығыс Қазақстан аймақтық филиалының қызметкерлері Күршім ауданының Қалжыр ауылы Бүйрек учаскесінде Митсубиси Паджеро маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында Семей қаласында тұратын 1968 жылғы көлік жүргізушісі мен 1965 жылғы тағы бір азаматтың заңсыз сұңқар аулап жүргені анықталды», - дейді Сәкен Ділдахмет.
Тексеру барысында автокөліктен жабайы құстарды аулайтын тор, 7 көгершін мен Хатсан 125 маркалы қара түсті пневматикалық қару табылған.
Аталған материал Күршім ауданының полиция бөліміне тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.