ШҚО-да суы тартылған тоғанда 50 мыңға жуық мөңке балығының қырылуына жол берілмеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында суы тартылған тоғанда 50 мыңға жуық мөңке балығының қырылуына жол берілмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметіне сүйенсек, Глубокое ауданы Ушанов ауылындағы тоғанның суы тартылып кеткен.

«Тоған табиғи себептермен кеуіп қалды. Инспекцияның жедел әрекет ету тобының қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, еріктілер және Ушанов ауылдық округінің әкімдігі тоғандағы балықтың қырылып қалуына жол бермеді. Қазіргі уақытта 50 мыңға жуық мөңке балық Үлбі өзеніне жіберілді», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осы жылдың жазында Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Маховка өзенінде балық қырылған болатын.