Сотта Н.Ершова «Предгорненск орта мектебі - балабақша» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры қызметін атқарып жүріп, мектепті жылумен қамту бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы жалған актіге қол қойғандығы анықталды. Н.Ершова мемлекеттік қызметтерді атқаруға өкілетті тұлғалардың тең дәрежеде, өзінің қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып, пайда табу мақсатында мектептің есепшісіне «ДенМакс» ЖШС-нің есебіне 1 000 000 теңгені аударуға нұсқаулық берген. «ДенМакс» ЖШС-нің директоры С., кәсіпорын есебіне аударылған бір миллион теңге қаражатты өзі иемденген. «ДенМакс» ЖШС келісім-шарт бойынша жұмыстарды атқармаған, мемлекетке келтірілген шығынды өтемеген.
Сот Н.Ершованы ҚК-нің 307-бабының бірінші бөлігінде, 314-бабының бірінші бөлігінде (1997 жылғы 16 шілдедегі басылым) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған бір жыл екі айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауға үкім етті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.