Әділхан Сабуровтың айтуынша, жемқорлық - Қазақстандағы ең өзекті мәселелердің бірі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлықтың алдын алу, әшкерелеу, осы салаға қатысты қылмыстық істерді тергеу амалдарын жүргізеді.
2018-2019 жылдары департамент мамандары 35 қылмыстық істі ашты. Оның 28-і сотта қаралды. Ал қалған жетеуін жасаған айыптылар қылмысын өздері мойындады.
Брифинг барысында Әділхан Сабуров «Дарын» ҒЗМ директоры А.К.Ғафуровқа қатысты қылмыстық істі мысал ретінде атап өтті. Айтуынша, А.К.Ғафуров 5 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметтен шеттетілген.
«Мұндай қылмыстардың дені мемлекеттік қызметті кезек күтпей алғысы келгендіктен туындайды. Біз қоғам болып жемқорлықпен күресуіміз керек», - деді Әділхан Сабуров.