ШҚО-да таеквондодан ҚР чемпионатына еліміздің 310 спортшысы қатысуда
16:33, 11 Желтоқсан 2016
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жастар арасында таеквондо бойынша Республика Чемпионатында елдің барлық өңірінен 301 спортшы бақ сынауда. Бұл дода Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады.
Рәсімнің ашылу уақытында шараның маңыздылығын атап өткен Таеквондо федерациясының вице-президенті Арман Чилманов таеквондо спортын дамытуға үлес қосқаны үшін дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановқа алыс хат берді.
Жеңімпаздар келесі жылы Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына қатысады.
«Әр жылы Шығыс Қазақстанда нақты мақсатқа қол жеткізу үшін спортпен айналысатын балалар саны артып келеді. Таеквандо - спорттың танымал түрлерінің бірі. Республикалық чемпионат - бұл өздеріңнің үздік дағдыларыңды көрсетуге мүмкіндік беретін жарыс. Азия чемпионатына іріктеу туры. Табыс тілеймін», - деді А. Можанов.