ШҚО-да тағы орманға баруға тыйым салынды

Фото: freepik

ӨСКЕМЕН.KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі тіркелді. «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметінше, 26 тамыздан бастап облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі тіркелген. Сондықтан әзірге орманға баруға тыйым салынған.

— Ауа райының ыстық әрі құрғақ болуына байланысты орман алқаптарында өрт шығу қаупі жоғары. Осыған байланысты мемлекеттік орман қоры аумағында адамдардың жүруіне рұқсат етілмеген. Табиғат аясында және үй жанындағы жерлерде от жағуға болмайды. Егер өртті байқасаңыз, дереу «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, — деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

Еске салсақ, шілде айында Катонқарағай өрт қаупіне байланысты туристер үшін уақытша жабылғаны хабарланған.