ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында жедел респираторлық-вирустық инфекцияның өршуіне байланысты тағы 3 мектепте карантин жарияланды, деп хабарлайды Қазақпарат.
«ЖРВИ-ға шалдыққан оқушылар санының өсуіне орай 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында №9, 11 орта мектептерде және №1 бастауыш мектепте карантин жарияланды» - деп хабарлады Алтай қалалық білім бөлімі.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Алтайдағы № 6 және № 8 орта мектептерде карантин жарияланған болатын.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.