Сасықкөлден балық аулауға шыққан жігіт ағасы үйіне оралмаған соң жақындары дабыл қағыпты. Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының мамандары жеткенше марқұмның денесін ауылдастары судан алып шыққан.
«Алдын ала ақпараттар бойынша, марқұмның жеке бас қауіпсіздік құралдары болмаған. Бұл жыл басынан бері суға кеткен бесінші адам», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бапасөз хатшысы Анастасия Скляр.
Айта кетейік, сенбі күні ШҚО-да бір жігіт пен бала суға кеткен болатын.