Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы ер адам 2023 жылдан бері күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіден ақша алып отырған.
«Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 2,5 миллион теңгені құраған», – деп хабарлады полиция.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті жәбірленушіден өзіне тиесілі Volkswagen Passat автокөлігін сатуды талап еткен. Мәміле жүзеге аспаған соң одан 1 миллион теңге беруді талап еткен.
Заңсыз әрекеттер салдарынан жәбірленуші қомақты қаражатынан және мүлкінен айырылған.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
«Полиция азаматтарды кез келген заңсыз әрекет үшін заңда белгіленген жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Алматы облысында сотталғандардан ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері сотталды.