ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, велоспорттан ерлер арасында өтіп жатқан республикалық жарысқа байланысты өңірдегі тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді.
«28 мамырда облыстық маңызы бар «Өскемен-Самар» тасжолы бойында автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жүргізушілерді жолға шығар алдында осыны ескеріп, бағытын алдын ала белгілеп алуын сұраймыз», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, 26 мамырдан бастап Шығыс Қазақстанда велоспорттан ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
Дода 30 мамырға дейін жалғасады.