Қатты аяз бен қойманың ауқымды болуы салдарынан өрт сөндірушілер кедергіге тап болуда, алайда олар ірі техникаларды алып шығып үлгерген.
ТЖД-да хабарлағандай, өрттің шығуы туралы ақпарат күндіз түскен. Кәсіпорындардың біріне тиесілі жеке қойманың шатырынан өрт шыққан.
«№28 өрт сөндіру бөлімі мен Усть-Таловка ауылының жеке өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері өрт шыққан жерге келген. 14.38-де тілсіз жау ауыздықталған. Қатты аяз бен құрылым шатырының ағаштан болғаны жағдайды қиындатқан. Өртті сөндіруге жеке құрамның 20 адамы мен 4 техника тартылды», - деп түсіндірді Шемонайха аудандық ТЖБ бастығы Ерік Тойбаев.
Өрттің аумағы 800 шаршы метрді құраған. Оның шығу себебі анықталып жатыр. Ешкім зардап шекпеген.