ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО Бесқарағай ауданы Долонь ауылында телефонының соңынан сүңгіген жағалау жұмысшысы суға батып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оқиға орнына Семей қаласы ШӨАЖҚЖ-ы 7-інші бөлімшесінің үш құтқарушысы келіп жетті. Алайда, кеш түсіп қараңғы болып кетуіне байланысты сүңгуірлер іздестіруді келесі күні жалғастырды.
Қалалық ТЖ басқармасының мәлімдеуінше, 1964 жылғы азамат телефонын өзенге түсіріп алып, соңынан суға сүңгіген. Оны параход астына су тартып әкетуі мүмкін.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.