ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Семей қаласында жедел-тергеу шаралары барысында акциздік жапсырмасыз және оларды сатып алу фактісін растайтын құжаттарсыз темекі бұйымдарын анықтады.
Қойманы тексеру барысында жалпы сомасы 64,9 млн. теңге болатын «Zumerret», «Marble», «Captain Black blue», «Captain Black», «Omega» және «Max 7» маркалы 295 темекі қорабы табылды.
«Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 214 бабының 1-б. бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінде.