Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
54 вагоннан тұратын пойыз Алматыдан Семейге аттанған, нәтижесінде теміржолдың 150 м рельсі зақымданған, соның салдарынан №31 «Павлодар-Алматы» жолаушыар пойызы 7 сағат 19 минутқа кешіккен.
Түнгі сағат 02.30-да пойыздардың қозғалысы қайта жандандырылған.
Төтенше жағдайды жоюға Аягөз және Семей бекетінің 2 жөндеушілер пойызы жұмылдырылды.