ШҚО-да тікұшақ апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Шығыс Қазақстан облысында тікұшақтың құлауы бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

«Gazelle SA-341» маркалы тікұшақтың апатқа ұшырау фактісі ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлімі бойынша Семей стансысындағы Желілік ішкі істер бөлімінде соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында ҚР ІІМ Көліктегі ІІД шұғыл-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс жасауда.

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұған дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құлаған тікұшақтыңиесі анықталғандығын мәлім еткен болатын.  

Еске сала кетсек, кеше Шығыс Қазақстан облысында жекеменшік «Стрекоза 7-Gazelle SA341» тікұшағы апатқа ұшырады. Оны іздеуге бүгін таңертең облыс орталығынан бортында құтқарушылар тобы және ШҚО ТЖД басшысының орынбасары бар МИ-8, Семей қаласынан МИ-17 әскери тікұшағы ұшып шықты. ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылды.

«С-341»-ді Алматы облысынан іздеуге аттандырылған жеке компанияның МИ-2 тікұшағы тапты.

«Қазаэронавигацияның» мәліметінше, жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік батысқа қарай 60 км жерден табылды. Олардың хабарлауынша, ұшқыш қаза тапқан. Аман қалған бір жолаушы Айғыз ауылына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар