Бір жыл бұрын Жарма ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ТКШ бөліміне бас бухгалтер болып жұмысқа тұрған әйел қосымша ақша табудың схемасын құрған. Ол жойылмаған ескі мөрді пайдаланып, өзіне 275 мың теңге сыйақы аударған.
Бұдан басқа, бухгалтер сол мөрді пайдаланып, ТКШ бөліміне өзінің анасын жұмысқа орналастырған. Ол жұмысқа мүлдем келмеген. Бас бухгалтер оған жалақы төлеген. Өзіне 552 мың теңге аударған.