ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай талабын бұзған 341 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Соңғы тәулік ішінде облыста «102» арнасына 592 өтініш түсіп, олардың барлығы бойынша жұмыс жүргізілді. Талдауға сәйкес, өтініштер санының өсуі байқалған жоқ. Бір күнде 16 қылмыс жасалып, оның 12-сі ашылды», - делінген ақпаратта.
Осы жылдың 5 қаңтарынан бастап төтенше жағдай талабын бұзған 406 адам анықталып, оның ішінде 341-і ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды. 13 қаңтар күні осы бап бойынша 31 хаттама толтырылған. Қылмыстық істер бойынша ұсталғандар саны 94 адамды құрайды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.