ШҚО-да төтенше жағдайлар бойынша шұғыл облыстық штаб құрылды
12:46, 09 Қаңтар 2010
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайларының барлық қызметтері шұғыл режимде жұмыс істеуде.
Кеше облыс әкімінің орынбасары Серік Тәукебаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлар бойынша облыстық штабтың шұғыл отырысы өтті - облыстағы жағдай күрт төмендеп кеткен.
Қардың қалың түсуі және боранның ұйытқып соғуы, таулы аумақтардағы қар көшкінінің қаупі, барлық бағыттардағы жолдардағы көру қашықтығының барынша төмендеуі - жағдайды қиындатып отыр.
Соңғы бес күнде Өскеменде ылғалды айлық нормасы түсті.
Облыстың барлық қызметтері төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуда.
Қажетті қар жинау техникалары - жеткілікті, жылыту пункттері - сақадай-сай.
Барлық бағыттар бойынша автокөлік қозғалысының жабық екенін естеріңізге саламыз.