ШҚО-да трактор аударылып, екі адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында трактор аударылып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы Бақытжан Торғаевқа сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 20 қазан күні тіркелген.

«Жол-көлік оқиғасы Жарма ауданындағы Қаражал ауылының 1 шақырымдай жерде болған. «МТЗ-80» тракторы ауыл шетіндегі жолдың бойында келе жатып аударылған. Осының салдарынан трактордың ішіндегі 48 жастағы жүргізуші мен ішіндегі тағы бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болған», - деп хабарлайды Бақытжан Торғаев.

Тіркелген жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жатыр. Істің толық мән-жайын анықталу үстінде.