ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқыс оқиға кеше, яғни 10 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында Зырян ауданының Тұрғысын ауылында тіркелген.
«Шөп шабу науқаны кезінде 1998 жылғы азамат көлік тізгінінен ие бола алмай, Т-40 тракторымен аударылып қалған. Зардап шегуші көптеген жарақаттарымен Орталық аудандық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлайды ведомстводан.
Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталу үстінде.