ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шектеу ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда ауа температурасының төмендеуі мен тұманға байланысты енгізіліп отыр.
- Облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 82-145 шақырымында (Тайынты ауылы мен Самар ауылының арасы) дөңгелегі қыстыққа ауыстырылмаған көлік құралдарына, тіркеме және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір тұрғындарына жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыдағы адам өліміне себеп болған жол апаты бойынша іс қайта қаралатыны хабарланған.