Өрт қыркүйектің 14-інен 15-іне қараған түні, сағат 2 шамасында Ұлан ауданы Таврия ауылындағы екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерден шықты.
ШҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің шұғыл әрекет етуі нәтижесінде тілсіз жау бір сағаттың көлемінде ауыздықталды. 7 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт орнында 26 және 42 жастағы екі азаматтың мәйіттері табылды.