ШҚО-да тұрғын үйде болған өртте үш сәби мерт болды - ТЖМ

None
СТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауылындағы үйлердің бірінде болған өртте үш бала мерт болды.

Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Қайғылы оқиға қыркүйектің 19-ында, 19 сағат 50 минутта Крупская көшесі, 183 мекен-жайында орналасқан үйде болды. Құтқарушылар 56 шаршы метр аумаққа тараған отты ауыздықтау барысында 5, 3 және 1 жасар сәбилердің мәйіттерін тапты.

Жалын облыс бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 3 техниканың күшімен екі жарым сағаттан кейін сөндірілді.