Шетелдік қонақтар жиі келетін өңіріміздегі демалыс базасының бірі - «Нұржеменей». Зайсан ауданындағы Жаңатұрмыс ауылының жанынан орын тепкен бұл мекен көптеген туристерді тамсантады.
Аталған ақпарат көзінің жазуына қарағанда, Нұржеменейге саяхаттап келген туристерге құрт қайнатып, ірімшік дайындаудың, бауырсақ пісіріп, ет асудың қыр-сырын көрсетіледі, сондай-ақ оны істеуді үйретеді.