Оқиға салдарынан 1954 жылы туылған бекіту материалдарын жеткізуші маман мерт болып, 1962 жылы туылған оның әріптесі ауыр жағдайда Глубокое ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиғаның себебін тексерумен арнайы құрылған комиссия айналыспақ. «KAZ Minerals тобының» ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына, достарына қайғырып көңіл айтады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
12:24, 07 Тамыз 2015
ШҚО-да түсті металл өндіру шахтасында 61 жастағы ер адам опат болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 тамызда «Шығыстүстімет» ЖШС Ертіс өндірістік кешеніне қарасты Ертіс шахтасында қайғыла оқиға орын алды. Түнгі сағат 22.30-да қоймаға жүк тиелген вагондарды жеткізу барысында бірнеше вагон құрамадан ажырап кетіп, мердігер компанияның екі жұмыскері вагондар арасында қысылып қалды.