Басқарма басшысы Асқар Жақыпбаев ауылшаруашылық жануарларының соңғы үш жылда бруцеллезбен, аусыл, құтыру және түйнемемен ауруының толық мәліметін ұсынып, ауылшаруашылық жануарларын вакциналау мен сәйкестендіру жайлы көлемді деректер базасын жіліктеп берді.
Малды профилактикалық вакциналауға бөлінген 1, 3 млрд. теңге толық игерілді. Өткен жылдың басынан бері 20,5 млн. бас мал сәйкестендірілді. Бруцеллезге ұшыраған ауылшаруашылық малы ерекше назарға алынған - барлық кешенді шаралардың арқасында бруцеллезге ұшырау пайызы (2014 жылмен салыстырғанда) - 0, 3%, ұсақ мал арасында 0, 7% дейін азайған.
Адамдардың бруцеллезбен ауыруы (2015 жылмен салыстырғанда) 9 жағдайға дейін азайды.
Өткен жылы түйнеме бойынша вакциналау толық көлемде жүргізілді. Қалалар мен аудандардың ветеринарлық қызметтері түйнемемен көмілген малдардың 276 қорымы барын анықтады және олар бақылауға алынды.