ШҚО-да ҰҚТ мүшелері 290 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған
12:50, 18 Қазан 2016
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік табыс департаментінің экономикалық тергеу қызметі аса ірі көлемде бюджеттік қаражатты ұрлау фактісі бойынша ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты алдын ала тергеуді аяқтады.
2012 жылғы сәуірден бастап 2015 жылғы маусым аралығында ҰҚТ мүшелері «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» филиалы арқылы «Жұмыспен қамту 2020», «Кәсіпкер» және «Инновациялық жобалар» мемлекеттік бағдарламалары бойынша бөлінген қаражатты ұрлағаны анықталды. Мемлекетке 290 млн теңгеден астам шығын келтірілді.
ШҚО МТД ЭТҚ аға тергеушісі Лейла Ысқақова бүгін ҰҚТ мүшелерінің 176 млн теңгеге мүлкі тұтқындалғанын хабарлады.