ШҚО-да Үлбі металлургиялық зауытының 66 жылдығын атап өтуде
ҮМЗ ұжымын құттықтаған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиев «Қазатомөнеркәсіп» «ҮМЗ-ға» компанияның әртараптануы мен оның реакторға дейінгі ядролық отын циклының барлық сатысына кіруі үшін үлкен рөл бергенін атап өтті.
«Кәсіпорынның келешегін біз ұзақмерзімді жобаларды дәйекті іске асыруынан, шығарылатын өнім сапасының жоғарылығынан, технологиялық мүмкіндіктерінің кеңейгенінен көреміз», - деді ол.
«Өткен онжылдықта үлкен жолдан өттік. Барлық осы уақыт ішінде өзгермеген тек өз ісіне адал кәсіби ұжым, олардың өз еңбектеріне деген ыстық ықыласы ғана», деп атап өтті зауыт басқармасы төрағасының орынбасары Юрий Шахворостов өз сөзін кәсіпорын арлагерлері мен жұмысшыларға бағыттай.
Жыл сайын атап өтілетін зауыт күні қарсаңында жалпы іске елеулі үлес қосқан білікті, шығармашыл мамандардың есімі дәстүрлі түрде аталып өтіледі. Биыл зауыт Кітабына қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Дмитрий Слободин мен Уран өндірісі «В» цехының энергетигі Виктор Коротиннің тегі енгізіледі. «Зауыт ардагері» атағы 10 зауыт қызметкеріне берілсе, 10 қызметкерге Құрмет грамотасы табыс етілді. 87-сі алғыс хат алды. Бұдан басқа барша қызметкерлер ақшалай сыйлықақы алды.