ШҚО-да Ұлттық гвардия полковнигі мезгілсіз көз жұмды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық гвардия ардагері Айдар Дәрібаев 50 жасқа қараған шағында мезгілсіз дүниеден озды, деп хабарлады «ҚазАқпарт» ХАА тілшісі.

«Айдар Темірболатұлы күрделі де лайықты өмір жолынан өтті. Ол 26 жылын әскери қызметке арнады, қызметтік-жауынгерлік жұмысындағы жоғары көрсеткіші және қызметке адалдығы үшін ол ҚР ҰГ және КСРО-ның 20 медалімен марпатталды», -деп хабарлады ҚР ҰГ «Шығыс» ӨҚ баспасөз қызметі.

Полковник Айдар Дәрібаев 1983 - 1987 жылдары Новосібір МЖӘУ, ҚР ІІМ курсанты болды. Өзінің офицерлік жолын ҚР ІІМ №7409 әскери бөлімі взводының командирі болып бастады. «Батыс», «Оңтүстік», «Орталық» өңірлік қолбасшылықтарында көптеген лауазымдарда қызмет етті, сондай-ақ Шығыс ӨҚ №5511 әскери бөлімінің командирі болды

2007-2009 жылдары ҚР ішкі әскерінің 6638-әскери бөлімі командирінің орынбасары - штаб бастығы болды. Ол қызметінде адал, мақсатшыл, парасаттылығымен көзге түсті.