Ішкі министрінің бұйрығымен қайта жасақталған батальон Семей қаласында орналаспақ. Жаңа батальон төтенше жағдай кезінде халықты қауіпсіз жерге көшіріп, құтқару жұмыстарымен айналысатын болады. Батальонның ашылу салтанатына Ұлттық Ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бас қолбасшысы Талапкер Әмриев қатысты.
«Бір әскери бөлімнің тұтас ауысуы бірінші рет болып тұр. №68303 әскери бөлім Алматы облысынан 1200 шақырымды артқа тастап, Семейге келді. 370 текше метр жүкті тасуға 15 техника, 3 тұйық вагон жұмылдырылды. Құтқарушы батальон Шығыс Қазақстаннан бөлек Павлодар облысына да қызмет көрсетеді» - дейді Талапкер Әмриев.
17:03, 26 Ақпан 2019
ШҚО-да Ұлттық Ұлан сарбаздарынан құтқарушы батальон құрылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы әскери бөлім қайта жасақталып, құтқарушылар батальоны болып құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.