ШҚО-да велосипедтің бір бөлшегі аяғына кірген балаға құтқарушылар көмектесті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында велосипедтің бір бөлшегі аяғына кірген 10 жасар балаға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, велосипед теуіп жүрген баланың аяғын арматура қысып қалған.

«Бала құлаған кезде тежегіш тұтқасы санына кіріп кеткен. Оқиға орнына келіп жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері гидравлика құралының көмегімен рульді қиып алды. Содан соң зардап шеккен 10 жастағы бала жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД мамандары ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігі туралы ескертеді. Қандай да бір қиындық туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу керек.