ШҚО-да ветстанса ықтимал мердігермен алдын ала сөз байласып, тендерді соған бермек болған
АСТАНА. KAZINFORM — Антикор желіде тараған ақпаратқа орай мәлімдеме жасады.
Желіде ШҚО-да мемлекеттік сатып алу кезінде тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы ықтимал сөз байласу туралы ақпарат тараған еді.
«БАҚ сұрауларынан кейін жемқорлыққа қарсы волонтер мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жасады. Оның барысында ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының „Самар-Вет“ ШЖҚ КМК тапсырыс беруші мен қызмет көрсетуші арасында ықтимал сөз байласу фактісі анықталды» дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.
Аталған ақпарат жұмысқа алынды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен конкурс тоқтатылды.
«Сонымен қатар, бұл дерек тіркелді. ҚР ҚПК 181-бабы 5-бөлігі тәртібімен іс аймақ әкімінің аппаратына және ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды» дейді Антикор.