Көп кезеңнен тұратын облыстық бәсеке жыл сайын өткізіліп келеді. Аталмыш бәсекеге өскемендік командадан бөлек, облыстағы аудандардан және Семей қаласынан спортшылар келеді деп күтілуде.
Спорттық іс-шара ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының Шығыс Қазақстан облысының спортта дарынды балаларға арналған мектебінде өтеді.
Жарыстың алғашқы күнінде ұлдар жарыс жолына шығады. Артынша спортшыларға бір күн демалыс беріліп, қазанның 18-інен сайыс соңына дейін қыздар бәсекесі өтеді.