ШҚО-да заңсыз құрылысқа қатысты 260-тан астам іс қозғалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында биыл 119 құрылыс лицензиясының қолданысы тоқтатылды.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Самат Каирдинов мәлім етті.

— Өңірде заңсыз құрылысқа қарсы бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 261 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 244 іс тапсырыс берушілерге, 7 іс техникалық қадағалау сарапшыларына, 7 іс техникалық зерттеп-қарау жүргізген ұйымға, 3 іс мердігер мекемелерге қатысты. Тексеріс нәтижесіне сәйкес, 119 мемлекеттік құрылыс лицензиясының қолданысы 6 айға шектеліп, 2 лицензиаттың қызметі тоқтатылды, — деді ол.

Бұдан бөлек, 89 лицензиатқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделді. Анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде 58 нұсқама берілді.

Еске салсақ, осыған дейін Павлодарда мердігерлердің 20 құрылыс лицензиясы тоқтатылғаны хабарланған